Ұлытау облысында заманауи акушерлік пункт ашылды

Ұлытау облысында бір күнде екі фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заманауи үлгідегі қос фельдшерлік-акушерлік пункт Жаңаарқа ауданына қарасты Бидайық және Байдалы би ауылдарында ашылды. Бұл осымен Ұлытау облысында биыл ашылған үшінші медициналық нысан.

«Ауыл - ел бесігі» ұлттық жобасының аясында салынған қос ғимарат та 25 келушіге шақталған. Медициналық объектілер Жаңаарқа орталық аудандық көпсалалы ауруханасының құрылымына кіреді, барлық қажетті медициналық техника және жабдықпен жарақтандырылған, санитарлық көліктері бар.

Айта кетейік, биыл Ұлытау облысында тағы 6 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлытау облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы