Ұлытау облысында тасжолды су басты
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылынан 27 шақырым жерде қардың қатты еруіне байланысты аудандық маңызы бар жолды су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ мәліметінше, су басу оқиғасы «Ұлытау-Сарлық» автожолында болған. Көлік қозғалысына шектеу енгізілмеді. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
ЖАО күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы