Ұлытау облысында су тасқынына қарсы шаралар пысықталды
Ұлытау облысының аумағын көктем мезгіліндегі су тасқынынан қорғау мақсатында облыс әкімінің өкімімен іс-шаралар жоспары бекітіліп, арнайы штаб жұмыс істеуде. Құрам қазіргі уақытта "жоғары дайындық" режимінде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тиісті қалалық бөлімдер мен ұйымдар материалдық-техникалық құралдар мен инертті материалдар қоры дайындалды:
- 72 тонна жанар-жағар май;
- 10,5 тонна азық-түлік;
- 4000 тонна инертті материал;
- 14 000 дана қап.
Су тасқынын болдырмаудың тағы бір жолы – елдімекендерде жүйелі түрде қар күреу жұмыстары. Бүгінгі таңда облыс аумағында 250 мың м3 қар шығарылған, жұмыстар жалғасуда.
Ұлытау облысының аумағында зардап шеккен халықты уақытша қабылдауға арналған 44 қабылдау пункті дайындалған. Бұл орындардың жалпы сыйымдылығы 34218 адамды құрайды.
Жоспарға сәйкес су тасқынына бейім елді мекендерді, су тасқынына қарсы бөгеттерді, гидро техникалық құрылыстарды, автомобиль жолдарын, эвакуациялық пункттерді сонымен қатар жұмылдырылатын күш құралдарды негізге ала отырып топографиялық карта әзірленді.