Ұлытау облысында қызылша жұқтырған 110 адам ауруханада жатыр

Қызылша жұқтырғандардың көбісі – 14 жасқа дейінгі балалар. Олардың 70 процентке жуығы вакцина алмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс бойынша инфекцияның жүзден аса ошағы анықталып, науқастармен байланыста болған 715 адам дәрігерлік бақылауда болады. Мамандар ауру белгілері байқалған кезде өз бетімен емделмей, дереу дәрігерге қаралу керектігін ескертіп келеі.

6 қарашада өңірде қызылшаға қарсы иммундау басталды.

Бүгінге дейін 1 911 адам екпе алды. Өкінішке орай тұрғындардың белсенділігі төмен. Әлеуметтік желілердегі антиваксерлердің әсерінен баласына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналардың қатары артып тұр. Ал вакцинаға келетін болсақ, ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Елімізде 10 жылдан астам уақыттан бері қолданылып келеді, - дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасарының м.а. Елена Ткаченко.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы