Бүгiн 2026, 05:23 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Ұлытау облысында қонақүйден өрт шықты: 40 адам эвакуацияланды

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ұлытау облысының Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентінде бес қабатты қонақүйде өрт шықты.

Өрт қонақүйдің шатыры мен ішкі жиһаздарын шарпыған. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті.

Құтқарушылар келген кезде ғимараттың шатыры мен жиһаздары ашық жалынмен жанып жатқан. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде өрт толықтай сөндірілді.

ТЖМ мен «Зевс-Энерго» мемлекеттік өртке қарсы қызметі күштерінің көмегімен ғимараттан 40 адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.