11 Қазан 2026, 22:10 Фото: ТЖМ телеграм каналы

Ұлытау облысында науқас шұғыл түрде тікұшақпен Жезқазғанға жеткізілді

ТЖМ тікұшағы шұғыл медициналық тасымалдау жүргізді.

ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары санавиация дәрігерлерімен бірлесіп Ұлытау облысының Жәйрем ауданынан шұғыл медициналық көмекке мұқтаж 2000 жылы туған баланы Жезқазған қаласының медициналық мекемесіне тасымалдады.

Дәрігерлердің кәсібилігі, экипаждың ұқыпты жұмысы және борттың техникалық дайындығының арқасында пациент мамандардың білікті медициналық көмегін алу үшін облыс орталығына аман-есен жеткізілді.

ТЖМ ұшқыштарының жұмысы қысқа мерзімде өмірді құтқаруды қамтамасыз ете отырып, жедел жәрдем жүйесіндегі маңызды буын болып қала бермек.