Ұлытау облысында мал ұрлығымен айналысқан студенттер ұсталды
Ұлытауда мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Жаңаарқа ауданында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді.
Белгілі болғандай, топ құрамында Жаңаарқа ауданы мен Қарағанды қаласының 18-22 жас аралығындағы тұрғындары болған. Тергеу барысында осы жылдың қыркүйек-қараша айларында күдіктілер ауданда бірнеше рет мал ұрлағаны анықталды.
Күдіктілер түнгі уақытта жайылып жүрген малды атып өлтіріп, оларды бөліп алған. Сондай-ақ шаруашылық аумақтарына ұрлыққа түскен. Тергеу нәтижесінде олардың жеті ірі қара мен екі атты ұрлағаны дәлелденді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада малды сойып, етін сатып жіберген қылмыстық топ ұсталған болатын.