Ұлытау облысында көкнәр тұқымын сатқан 5 адамға сот үкімі шықты

Ұлытау облысында көкнәр тұқымын сатқан 5 адамға сот үкімі шығып, оларға 7 жылдан 9 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысы прокуратурасының мәліметінше, 2019 бен 2025 жылдар аралығында Ұлытау облысы Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындары адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша ірі мөлшерде есірткі затын, яғни көкнәр тұқымдасын өткізу мақсатында заңсыз сақтаған және сатқан.

Аталған дерек бойынша 5 азаматқа қарсы Ұлытау облысы Полиция департаментімен Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 1,2-тармақтарымен тергеу әрекеттері жүргізіліп, нәтижесімен қылмыстық іс сотқа жолданды. Жезқазған қалалық сотының үкімімен сотталушыларға 7 жылдан 9 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Ұлытау облысының прокуратурасы есірткіні заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу, жарнамалау – қатаң қылмыстық жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы