Ұлытау облысында екі ауыл көгілдір отынға қол жеткізді
Ұлытау облысындағы екі елді мекеннің тұрғындары агенттіктің аумақтық департамент қызметкерлерінің араласуынан кейін газбен жабдықтауға қосылған, деп хабарлайды BAQ.KZ Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Қабанбай батыр кенті мен Талап ауылында ұзақ уақыт бойы газ тарату желісінің жабдығына қосылу мүмкіндігі болмаған, ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы азаматтардан 70-тен 300 мың теңгеге дейін ақшалай сыйақы сұраған.
Олар бұл қаражатты тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін газдандыру бойынша монтаждау жұмыстарының сапасын тексермей, кедергісіз қабылдау үшін талап еткен.
2023 жылғы қыркүйекте ҚМА департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қазіргі уақытта аталған елді мекендерді газдандыру мәселесі шешілді, тұрғындардың үйлеріне көк отын жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Танзанияда көшкін салдарынан жиырмадан астам шахтер көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы