11 Қазан 2026, 06:35
Фото: pixabay
Ұлытау облысында 50 шаршы метр аумақта битум өртенді
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында асфальт зауытының аумағында битум жанды.
Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері зауыт аумағындағы шұңқырда 50 шаршы метр аумақта битум жанып жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілер жалынды сөндіру үшін өрт оқпандарын қолданып, жануды толықтай тоқтатты.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.