13 Қазан 2026, 22:39 Фото: ҚР ТЖМ

Ұлытау облысында 100 бума шөп жанып кетті

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Ұлытау облысында жеке тұрғын үй аумағында жиналып тұрған 100 бума шөп өртенді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабар Сәтбаев қаласындағы Степная көшесінен "112" пультіне түскен.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер "Горняк" саяжай алқабындағы жеке үй ауласында шөп бумаларының жанып жатқанын анықтаған.

ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Өрт толық сөндірілді. Өртті сөндіруге “Серіктес” ЖШС қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері де қатысты, – делінген ведомство хабарламасында.

Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Оқиғаның шығу себебі туралы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.