Ұлытау ауданындағы өрт: Елді мекендерге қауіп жоқ – ТЖМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт сөндірушілер Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы табиғи өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының Ұлытау, Шет, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында бір табиғи өрт және төрт дала жануы тіркелді. Жалпы аумағы 142 га құраған барлық дала өрті сөндірілді, - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы табиғи өртті сөндіруді жалғастыруда. Алдын ала болжам бойынша аумағы 4 000 га.


Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдарының, орман шаруашылығының күштері мен құралымдары, өртке қарсы ерікті құрылымдары және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Олардың жалпы саны 229 адам мен 66 техника.


ТЖМ хабарлағандай, елді мекендерге қауіп жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы