Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі отставкаға кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэтт Ханкок отставкаға кетті. Бұған дейін Британдық таблоид Sun Ханкок пен оның бұрыннан келе жатқан досы Джина Коладанджелоның суретін жариялаған болатын. Екеуінің де отбасылары мен балалары бар, деп хабарлады bbc.com.

25 маусымда басталған жанжал тек мораль мәселесі емес. Пандемия кезінде Ханкок патшалық азаматтары, әсіресе қоғамдық кеңістіктерде әлеуметтік қашықтықты сақтау керек деп бірнеше рет айтқан. Осы жылы Ханкок пен Коладанджело министрліктің кеңсесінде сүйісіп, құшақтасқан.

Мен бұл елде әрқайсысы қандай үлкен құрбандыққа барғанын түсінемін және осы ережелерді орнатқандар оларды ұстануы керек. Сондықтан мен отставкаға кетуім керек. Менің жеке өмірім назарды аудартып, біздің басты мақсатымызға - дағдарыстан шығуға кедергі келтіргенін қалаймаймын. Мен ережелерді бұзғаным үшін, отбасымнан және жақындарымнан оларды осы сынаққа ұшыратқаным үшін кешірім сұраймын. Сонымен қатар мұндай уақытта мен балаларыммен бірге болуым керек, - делінген Ханкоктың Премьер-министр Борис Джонсонға жіберген отставкаға кетуі туралы өтінішінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы