Ұлыбританиядағы пойыз апатынан зардап шеккендер саны 100-ге жетті
Жалпы зардап шеккендердің ішінде 11 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда.
Ұлыбританияның Элстоу ауданында екі жолаушылар пойызының соқтығысуы салдарынан зардап шеккендер саны 100 адамға дейін өсті. Бұл туралы The Guardian басылымы жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, жеңіл жарақат алғандар саны 57 адамға жеткен. Жалпы зардап шеккендердің ішінде 11 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Сонымен қатар 32 жолаушы түрлі деңгейдегі ауыр жарақат алған.
Оқиға East Midlands Railway компаниясына тиесілі пойыздардың қатысуымен болған. Апаттың себептері әзірге анықталып жатыр.
Бұған дейін Ұлыбританияның бұқаралық ақпарат құралдары апат салдарынан бір адамның қаза тапқанын хабарлаған еді. Қайғылы оқиға Корби – Лондон Сент-Панкрас және Ноттингем – Лондон Сент-Панкрас бағыттары бойынша қатынайтын пойыздардың соқтығысуы кезінде орын алған.
Қазір оқиға орнында төтенше жағдай қызметтері мен тергеушілер жұмыс жүргізіп жатыр. Теміржол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілген.