Ұлыбританияда үшінші ұлттық локдаун енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания азаматтарына үйден тек серуендеуге, дәрігерге немесе дүкенге баруға рұқсат етіледі.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирустық пандемияға байланысты елде жаңа ұлттық локдаунның басталғанын жариялады, деп жазады BBC. Джонсон халыққа арнаған сөзінде коронавирустың жаңа штаммы «асқан жылдамдықпен» таралып жатқанын атап өтті.

Біздің ұжымдық күш-жігеріміз жұмыс істеді және жұмысын жалғастыра беретін де еді. Алайда, жаңа штамм қандай жылдамдықпен таралып жатқаны көңілге қаяу түсіріп, алаңдатып отыр. Үшінші ұлттық локдаун қажет екені анық, - деді премьер-министр.

Оның айтуынша, ғалымдар вирустың жаңа штаммы 50-70%-ға жұқпалы деп санайды, сондықтан адамдар арасында вирустың таралу мүмкіндігі артып келеді. Бұл пандемия басталғалы бергі ауруханаларға айтарлықтай қысым түсіп отыр.

Осылайша, британ үкіметі басшысының мәлімдемесіне сәйкес, 5 қаңтардан бастап ағылшын мектептері қашықтан оқу режиміне көшеді, тек негізгі мамандық өкілдері, мысалы, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, курьерлер, сатушы мамандық бойынша білім алып жатқан балалар ғана мектептерге бара алады. Азаматтарға үйден тек серуенге, дәрігерге немесе дүкенге шығуға рұқсат етілген. Ал ауыр созылмалы аурулары бар адамдарға үйден мүлдем шықпауға кеңес беріледі.  

Джонсон ұлтқа Жолдауында алдағы апталарды «ең қиын» деп атады және ел «пандемиямен күресудің соңғы кезеңіне» кіретінін айтты.

Сонымен бірге ол көктемде жағдай жақсарады деген өзінің алдыңғы болжамын ұстанатынын айтты. Ол сондай-ақ алдағы үш айда «ондаған миллион британдық» вакцинацияланады деп үміттенеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы