Бүгiн 2026, 20:18 Фото: pixabay.com

Ұлыбританияда террористік қауіп деңгейі күшейтілді

Лондонда болған шабуылдан кейін қауіп деңгейі көтеріліп, АҚШ азаматтарына ескерту жасалды.

Ұлыбританияда террористік қауіптің жоғары деңгейі жарияланды, осыған байланысты АҚШ елшілігі өз азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ РБК-ға сілтеме жасап.

Басылымның мәлімдеуінше, 29 сәуірде Лондонда Сомали тумасы екі еврей ұлтының өкіліне пышақпен шабуыл жасаған. Полиция бұл оқиғаны теракт ретінде бағалады.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, жағдайлары тұрақты деп бағалануда. Күдікті ұсталған.

Келесі күні Ұлыбритания үкіметі елдегі террористік қауіп деңгейін «елеулі» деңгейден «жоғары» деңгейге көтерді.

Осы жағдайға байланысты АҚШ елшілігі Ұлыбританияда жүрген азаматтарына арнайы үндеу жасады.

Соңғы уақытта Ұлыбританияда исламистік және әсіре оңшыл бағыттағы терроризм қаупінің артуы байқалып отыр, – делінген АҚШ елшілігінің хабарламасында.

АҚШ азаматтарына қоғамдық орындарда, соның ішінде мектептерде, шіркеулерде және ауруханаларда сақ болу, сондай-ақ жүретін бағыттарын өзгертіп отыру ұсынылды. Елшілік назар аудартпауға, айналаны бақылап жүруге, жаңалықтарды қадағалауға және әлеуметтік желілердегі қауіп-қатер туралы ақпаратты немесе күмәнді әрекеттерді билікке хабарлауға кеңес берді.