Ұлыбританияда тәулігіне 36 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда тәулігіне 36 389 адамға коронавирустық инфекция диагнозы қойылды. COVID-19 пациенттерінің жалпы саны 5 637 075-ке жетті, деп хабарлайды RT.
Бұл мәліметті Ұлыбритания үкіметі растады. Ал елде жалпы коронавируспен ауырып қайтыс болғандардың саны 129 044-ке жетті.
Бұған дейін Ұлыбритания Көлік министрлігінің басшысы Грант Шаппс ел билігі алдағы екі аптада COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған туристерге арналған карантиннің күшін жоюы мүмкін деп мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада бір тәулікте 28 мекеме карантин талаптарын бұзды
Келесі жаңалық
Экономист болжамы: Теңге күшін сақтап қала ма?
Өзгелердің жаңалығы