Ұлыбританияда маймыл шешегінің жаңа штамы таралып жатыр
Британдық денсаулық сақтау өкілдері алғаш рет Конгода табылған маймыл шешегінің жаңа штамын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ABC News-тің мәліметіне сүйенсек, аурудың бұл түрі барынша жұқпалы. Оны төрт адам жұқтырып үлгерген.
Бұл Африкадан тыс құрлықта вирус жұқтырудың бірінші дерегі ретінде тіркеліп отыр. Ғалымдар халыққа төнген қауіп деңгейін төмен деп бағалауда.
Билік Ұлыбританияда mpox-тың жаңа түрінің таралғаны туралы өткен аптада жариялады. Пациент Африка елдеріне саяхаттан оралған соң лондондық ауруханада емделіп жатқаны айтылды.
Еске салайық, mpox вирусының жаңа нұсқасы алғаш рет биыл шығыс Конгода анықталған еді. Ғалымдар оның симптомдары жеңіл болғандықтан ауруды байқау қиын деп отыр. Сондықтан вирус тез таралуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды
Келесі жаңалық
Исламабадта Қазақстан – Пәкістан саяси консультациялары өтті
Өзгелердің жаңалығы