Ұлыбританияда эвтаназияны заңдастыру туралы заң жобасы қабылданбады
Құжатқа қарсылық білдірушілер осал топтағы адамдарға қысым жасалуы мүмкін екенін айтып, заң жобасында олардың құқықтарын қорғауға арналған кепілдіктер жеткіліксіз екенін алға тартты.
Ұлыбритания парламенті Англия мен Уэльсте айықпас дертке шалдыққан науқастарға өмірін медициналық көмек арқылы тоқтатуға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдамады.
Дауыс беру нәтижесінде құжатты 286 депутат қолдамаған, ал 270 депутат қолдаған.
Заң жобасына сәйкес, дәрігерлердің болжамы бойынша алты айдан аз өмірі қалған ересек науқастар ассистенттік өлімге рұқсат сұрай алатын еді. Ол үшін екі дәрігердің және арнайы сарапшылар комиссиясының мақұлдауы қажет болатын.
Құжатқа қарсылық білдірушілер осал топтағы адамдарға қысым жасалуы мүмкін екенін айтып, заң жобасында олардың құқықтарын қорғауға арналған кепілдіктер жеткіліксіз екенін алға тартты.
Айта кетейік, бұл заң жобасы бұған дейін 2024 және 2025 жылдары парламент депутаттарының қолдауына ие болған. Алайда қазіргі дауыс беруден кейін құжат әрі қарай парламент қарауына жіберілмейді.