Ұлыбританияда электронды БАҚ-қа сұраныс артты

Ұлыбританияда теледидар арқылы жаңалық көру көрсеткіші азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ofcom агенттігінің кезекті сауалнамасында жарияланды. Зерттеу бойынша, халықтың басым бөлігі ақпаратты ғаламтордан оқуға бейім.

Былтыр теледидар арқылы жаңалық көру 70% төмендеген. Ересектердің 71%-ы қазір ақпаратты желіден табады. Егде жастағылар жаңалықтарды Facebook, YouTube және Instagram сияқты әлеуметтік желілерден қарайды. Бірақ сарапшылар теледидар мен радио жаңалықтары әлі де дереккөз ретінде үлкен сенімге ие дейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы