28 Маусым 2023 2023, 11:09 Фото: gov.kz

Ұлыбританияда ауыз су тапшылығы сезіліп жатыр

Ұлыбританияда ауыз сумен бақша суаруға және көлік жууға тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлыбританияда ауыз сумен бақша суаруға және көлік жууға тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл қадам ауызсу беру жүйесіне түскен жүктемені төмендету мақсатында жасалып отыр. Өйткені соңғы кезде суға деген сұраныс күрт артқан. Таза суды пайдалану көрсеткішінің өсуі аймаққа аптап ыстықтың ерте келуімен байланысты болып тұр. Соған қарамастан ел билігі тұрғындарды үнемшілдікке шақырып отыр. Ережені елемегендер 1300 доллар көлемінде айыппұл арқалайды.