Ұлыбританияда аутизмді ерте анықтау бойынша зерттеу жүріп жатыр
Ұлыбританияда жүз адамның біреуі аутизммен ауырады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.
Қазір Корольдіктергі Сассекс универститетінің ғалымдары оны ерте анықтау бойынша зерттеу жүргізіп жатыр. Ал Қытайда осы дертке шалдыққан бүлдіршіндердің әлеуметтік бейімделуіне арналған жоба іске қосылды. Статистика бойынша шығыстағы көрші елде мың баланың жетеуі аутизмге шалдыққан.
Қытайда аутизмге шалдыққан балалардың қоғамда бейімделуін жеңілдетуді көздейтін тың жоба іске қосылды. Оған сәйкес мұндай дерті бар баланың отбасында лабрадор-ретривер иті уақытша өмір сүреді. 6 ай бойы арнайы дайындықтан өткен салпанқұлақтар кішкентайлармен тез тіл табысып кетеді. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, бұл ит аутизммен ауыратындардың эмоционалдық күйіне оң әсер етіп, әлеуметтік бейімделуін жеңілдетеді екен.
Ұлыбританияда аутизмді ерте анықтау бойынша зерттеу жүріп жатыр. Ал Ұлыбританияда жергілікті ғалымдар «Бэйби гроу» жобасын жүзеге асыруда. Ол баладағы аутизмді ерте анықтауға арналған. Қазір зерттеуге ондаған жанұя ерікті түрде қатысуда. Тәжірибе барысында нәрестеге арнайы датчиктер орнатылған киім кигізеді.
Құрылғылар олардың қозғалысын бақылап, жиналған деректерді компьютерге жібереді. Бұдан бөлек, әке-шешесі аптасына бір рет баласын бейнежазбаға түсіріп, ғалымдарға көрсетіп отырады. Зерттеушілер жобаға қатысып жатқан 100 баланы 18 айға дейін бақыламақ. Осы арқылы кішкентайлардың моторикасы мен когнитивтік дамуы арасындағы байланысты зерттеп көрмекші.