Ұлыбритания санкцияланған танкерлердегі мұнайды сатуы мүмкін – БАҚ
Ұлыбритания билігі санкцияға ілінген, басып алынған танкерлерден мұнай алып, оны сатуды қарастыруда. Бұл туралы The Times газеті дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басылым мәліметінше, Қорғаныс министрі Джон Хили бұл қадамды кемелерді ұзақ уақыт ұстауға кететін шығындарды өтеу тәсілі ретінде қарастырып отыр. Танкерлерді сақтау мен күзетуге миллиондаған фунт стерлинг қажет болуы мүмкін.
Хили командасы зерттеп жатқан нұсқалардың бірі – санкцияланған кемелерде тасымалданған мұнайды сату. Бұл тәркілеуге байланысты шығындарды жабуға мүмкіндік береді, - деп жазады басылым.
Бұған дейін The Times Лондон Ресейдің «көлеңкелі флоты» деп аталатын танкерлерінен алынған мұнайды Украинаны қаржыландыру үшін пайдалану мүмкіндігін де талқылап жатқанын хабарлаған. Дереккөздердің айтуынша, бұл қадам Ресей Федерациясын «соғыс арқылы табыс табу мүмкіндігінен айыруға» және Украинаның қарсылығын қолдауға бағытталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде
Келесі жаңалық
Қазақстан брендтері шын ба, әлде жай ғана жапсырма ма?
Өзгелердің жаңалығы