Ұлыбритания Өзбекстанға ұрланған жәдігерлерді қайтарды
Жәдігерлер II–III ғасырлар тиесілі екені айтылды.
Ұлыбритания Өзбекстанға ежелгі жәдігерлерді қайтарды.Мәдени құндылықтар Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Uznews-ке сілтеме жасап.
Оларды қайтару Еуропа елдерінде жүргізілген ауқымды тергеу жұмыстарының арқасында мүмкін болды.
Дереккөзінің жазуынша, біздің заманымыздың II–III ғасырларына жататын, ұрланған мәдени құндылықтар қайтарлыған.
Мәдени жәдігерлерді қайтару Еуропаның бірқатар елдерінің құқық қорғау органдары мен ғалымдарының қатысуымен жүргізілген ауқымды тергеу жұмыстарының нәтижесінде мүмкін болды.
Бактрия және Кушан империяларының орталығы болған Орталық Азия республикасынан заңсыз шығарылған артефактілердің бір бөлігін Ұлыбритания астаналық полициясының өнер және антиквариат саласындағы қылмыспен күрес бөлімі Өзбекстан елшілігіне табыстады. Алдағы уақытта олар отанына жеткізіліп, Ташкентте жақында ашылған Ислам өркениеті орталығының экспозициясынан лайықты орын алады, - делінген хабарламада.
Полиция детективі Софи Хейс табылған жәдігерлер тек Өзбекстанның ғана емес, бүкіл адамзаттың игілігі екенін атап өтті.
Оның айтуынша, тергеу жұмыстары ұлттық және шетелдік мамандардың, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының көмегімен және WOSCU қолдауымен жүргізілген.
Сондай-ақ, көрмеге қойылған заттар 2025 жылдың қараша айында полицияда «Inherent Vice операциясы» деген атаумен жүргізілген тергеу кезінде табылған жәдігерлердің қатарына жататыны айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан «Keruen Express» туристік пойызын іске қосқан болатын.