Ұлыбритания коронавирустың жаңа штамымен күресіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірге бұл штаминың басқаларынан қаншалықты қауіпті екені әзірге белгісіз. Ал елдің денсаулық сақтау министрі Саджид Джавид жақын арада COVID-19 жұқтыру жағдайы тәулігіне 100 мыңға дейін өсуі мүмкіндігін болжады деп хабарлайды Inews.co.uk.
Індеттің жаңа нұсқасы – AY.4.2 қазіргі уақытта таралып жатыр. Бірақ басқа штамдарға қарағанда қауіпті пе, жоқ па, оны әзірге айта алмаймыз, - дейді министр.
Қазір Ұлыбританияда бұл штамм бойынша жағдай қалай болатындығы бағаланып жатыр.
Саджид Джавид сондай-ақ мемлекетте күн сайын 100 мың адам вирус жұқтыруы мүмкіндігін ескертіп отыр. Өйткені жаңа AY.4.2 штамы «дельтаға» қарағанда жұғу қаупі 10-15%-ға жоғары екендігі айтылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды
Өзгелердің жаңалығы