7 Ақпан 2026, 07:50
Фото: Olivier Rachon/Global Look Press
Ұлыбритания Кипрге алты F-35 жойғыш ұшағын жіберді
Иран төңірегіндегі геосаяси шиеленістің күшеюіне байланысты Ұлыбритания Кипрге алты F-35 жойғыш ұшағын орналастырды. Бұл туралы The Times газеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Иран төңірегіндегі геосаяси шиеленістің күшеюіне байланысты Ұлыбритания Кипрге алты F-35 жойғыш ұшағын орналастырды. Бұл туралы The Times газеті жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басылым мәліметінше, истребительдер Кипрдегі Акротири әскери-әуе базасына жеткізілген. Лондон бұл қадамды АҚШ-тың Иранға ықтимал соққы беруі аймақта ауқымды қақтығысқа ұласуы мүмкін деген алаңдаушылықпен байланыстырып отыр.
Жұма күні алты F-35B жойғышы Ұлыбританиядағы Мархам әуе базасынан ұшып шыққан.
Айта кетейік, бұған дейін The Wall Street Journal Иран уран байытудан бас тартуға немесе оны шетелге шығаруға ниетті емес екенін жазған. Кейін АҚШ-тың «Авраам Линкольн» әуе тасымалдаушысы бастаған соққы тобы Араб теңізіне кірді.
28 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Таяу Шығысқа ірі әскери күштер жіберілгенін мәлімдеп, Тегеранға келісімнен бас тартқан жағдайда күш қолдану мүмкін екенін ескерткен болатын.
- Трамп наркокартельдерге қарсы әскери коалиция құру жоспарын жариялады 15:21
- Улы газ тарап жатыр: Иранда қышқылды жаңбыр жаууы мүмкін 14:52
- Эльмира Оразалиева: Адами капитал – жаңа Конституцияның стратегиялық бағыты 14:17
- Иран Кувейттегі америкалық тікұшақ базасына соққы жасады 13:48
- Көшербаев Кувейт cыртқы істер министрімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады 13:17
- Соңғы тәулікте Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 1,8 мың азамат оралды 12:47
- Аспанға ғашық ару: Тікұшақ тізгіндеген қазақ қызының ерекше жолы 12:20