Ұлыбритания Газа секторына 19 млн фунт стерлинг аударады
Бұл туралы елдің Халықаралық даму министрі Аннелиза Доддс Каирдегі конференцияда мәлімдеді. Сөйтіп, корольдік аударған қаражат көлемі 99 млн фунтқа жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның 12 млн-ы БҰҰ-ның гуманитарлық сауалдарды үйлестіру басқармасы мен дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына аударылады. Бұл тұрғындарды ауызсу, азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалады.
Министрдің сөзіне қарағанда, бөлінген қаражат палестиналықтарды бар-жоғы бір ай қажетті ресурстармен қамтуға ғана жетеді.
Сол себепті аймақта қақтығысты шұғыл тоқтату керек, – дейді министр.
Айта кетейік, кездесуден кейін корольдік министрі ресми өкілдермен өзара келісімге келу үшін Израильге бармақшы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Петропавлда мектептің төбесі опырылып, 3 бала зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы