Ұлыбритания елшісі еліміздің көне жазба мұраларымен танысты

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығына Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич арнайы келіп, еліміздің көне жазба мұраларымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде тараптар бірлескен іс-шараларды өткізу, Ұлыбритания мен Қазақстанның ортақ мәдени ынтымақтастықты дамыту жолдары мен жазба мұраларды анықтау, қалпына келтіру, сақтау мәселелерін талқылады.
Елші Ұлттық орталықтың мәдени мұраны дамытуға қосқан үлесін айрықша атап өтіп, орталық жұмысына сәттілік тіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы