18 Наурыз 2023 2023, 13:00 Фото: ip-aston-alliance.com

Ұлыбритания елімізге 30 жылда 16 млрд доллар инвестиция құйған

Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы СІМ орынбасары Роман Василенко Ұлыбританияның Сырқы істер министрі Джеймс Клеверлидің Қазақстанға алғашқы сапары барысындағы брифинге айтты.

Оның айтуынша, 30 жылдан астам ынтымақтастық барысында Ұлыбритания біздің экономикамызға 16 миллиард доллардан астам инвестиция құйған. Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында британдық капиталдың қатысуымен 550-ге жуық компания, бірлескен кәсіпорындар мен өкілдіктер жұмыс істейді.