Ұлыбритания еліміздің вакцинация паспортын мойындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбритания Қазақстанның вакцинация паспортын мойындады. Бұл туралы аталған елдің ресми сайттарының бірі жазды.
Бұл шешімді олар әлемдік нарықпен байланыстарын қалпына келтіру мақсатында қабылдағандарымен түсіндіріп отыр. Олар 11 ақпан күні таңғы сағат 4-тен бастап Қытай мен Мексика сынды тағы 16 мемлекеттің екпе құжаты мойындалатынын айтты.
Олар мойындаған жалпы тізімге әлемнің 180-нен астам елі мен аймақ кіретін болады. Ағылшындар мойындаған елдердің вакциналары мен вакцинация паспорттарын қамтыған толық тізім gov.uk сайтында көрсетілген.
Қазақстан бұл тізімге 11 ақпаннан бастап қосылады.
Айта кетейік, Ұлыбритания қазір сегіз вакцинаны мойындап отыр. Олардың қатарында: Covaxin, Moderna, Johnson&Johnson, Novavax, Oxford/AstraZeneca, Pfizer BioNTech, Sinopharm Beijing, Sinovac-CoronaVac бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қыз табылды
Өзгелердің жаңалығы