Ұлы отан соғысы батырларының құрметіне мемориалдық кешен ашылды

Бүгін  Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында Ұлы отан соғысына  қатысып, қаза болған батырлардың құрметіне мемориалдық кешен ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтулы шараға  Ақмола облысы әкімінің орынбасары М.Тәткеев, генерал-майорлары М. Нұғманов және Қ. Мұқатов, Аршалы ауданының әкімі М. Балпан қатысты.  

Жоба авторы Мукенов Аманжол. Жобаның жалпы құны 20 млн теңге. Мемориалдық кешен Ақмола облысының әкімі Е.Маржықпаевтың қолдауымен салынды, ал ескерткішті абаттандыруға аудан тұрғындары мен демеушілердің қаражаты есебінен 2 млн теңге бөлінген.

 Адамзат тарихындағы алапат соғыста Жібек жолы ауылынан аттанып қаза болған ерлеріміздің есімін мәңгілік сақтау мақсатында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша демеушілер көмегімен ашылып отырған мемориалдық кешен салынды.Өскелең ұрпаққа өткен тарихымызды жаңғыртып, батыр ағаларымыздың ерлігін дәріптеу, насихаттау басты мақсатымыз,- деді Облыс әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев өзінің құттықтау сөзінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы