"Ұлы даланың Түркістаны" фотоэкспедициясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай "Ұлы даланың Түркістаны" атты республикалық фотоэкспедиция басталды. Мақсаты – "Рухани жаңғыру" бағдарламасы мен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау.
Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, білікті фотографтар Түркістан, Кентау қалаларымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас және Қазығұрт ауданының киелі және туристік орындарын суретке түсіреді. Бір аптаға созылған экспедицияда түсірілген туындылар 17 маусымда Түркістан қаласында өтетін «Ұлы даланың Түркістаны» атты сурет көрмесінде ел назарына ұсынылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Непалда мектеп төбесі опырылып, 4 бала қаза тапты
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы