Оралда "Ұлы даланың көне сарындары" фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдық мерейтойына орай Семейде «Ұлы даланың көне сарындары» жобасы бастау алған болатын. Бұған дейін Семей, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Қостанай қалаларында өткен фестиваль енді Орал өңірінде жалғасын таппақ.
Оған елге танымал дәстүрлі әншілер Ерлан Рысқали, Гүлмира Сарина, Әділ Тұрғамбаев, Гүлдана Ноғайбаева, сондай-ақ, белгілі жыршы Алмас Алматов, термеші Жәкен Омаров, күйші Батыржан Мықтыбаев, Жетісу дәстүрлі ән мектебінің өкілі Шолпан Дәржанова сынды өнер майталмандары қатысадыты.
Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» тарауында ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттауға тиіспіз деген болатын.
«Нұр Отан» партиясы аталған мақалада көрсетілген идеялар мен құндылықтарды дәріптеуге бағытталған игі істерді жалғастыра отырып, «Ұлы даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалін өткізуді қолға алды. Мән-мағынасы терең, өскелең ұрпаққа рухани-тәрбиелік маңызы жоғары, қалың көпшілік сүйіп тыңдайтын дәстүрлі музыка өнерін (жыр, терме, ән, күй) бірінші кезекте еліміздің барлық өңірлерінде кеңінен насихаттайды.
Айта кету керек, партия жобасы 15 қалада өтіп, қорытындысы Жетісу жерінде, Талдықорған қаласында шағырылады.