Uly Dala Jarysy: Ақмола облысында экстремалдар бақ сынасты

Ақмола облысында "Uly Dala Jarysy-ның" үздіктері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Ақмола облысындағы Balqaragay демалыс орнында Uly Dala Jarysy атты республикалық кедергілерден өту жарысы мәреге жетті. Экстремалдар арасында дәстүрге айналған жарысқа биыл 300-ден астам қатысуға ниет білдірді. Олар әуелі 5 шақырым жүгіріп, осыдан кейін 30-ға жуық түрлі кедергіні еңсерді.

Абсолютті категорияда үздік шыққандар:

Ерлер:
1. Асқар Молберген
2. Адай Байбекұлы
3. Нұрсейіт Есмұратов

Әйелдер:
1. Анастасия Чернова
2. Әсел Асанова
3. Елена Макогонова

Сондай-ақ барлық кедергіні бағындырып, мәреге жеткен әуесқойлар түрлі номинация бойынша марапатталды.

Бұл жарыс жайлы достарымнан естідім. Бірден қызықтым. Міне, бүгін арнайы келіп, күшімді сынап көрдім. Жүгіріп келген соң кедергілерден өту қиындай түсті. Өзімнен үлкен, орта жастағы адамдардың барын салып жарысып жатқанын көріп, шаршағанымды бір сәтке ұмытқандай болдым. Нәтижесі көңілімнен шықты. Ерекше әсер алдым, - деді марапаттау рәсімінен соң Адай Байбекұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Өзгелердің жаңалығы