«Ұлы дала елі» әдеби байқауының қорытындысы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі, «Отандастар қоры» КЕАҚ, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ұйымдастыруымен шетелде тұратын қазақ диаспорасы оқушыларының арасында «Ұлы Дала Елі» әдеби жұмыстардың халықаралық шығармашылық конкурсын өткізген болатын. 

Халықаралық байқауға жұмыстар 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 мамырға дейін қабылданды. 2019 жылдың 1 маусымынан бастап 10 маусымға дейін қазылар алқасы келіп түскен жұмыстарды сараптап, қорытынды шығарды. 

«Жалпы жұмыстардың барлығы да тақырыпқа сай жазылған, балалар негізгі идеяны ашуға тырысқан. Әсіресе, 13-15 жас аралығындағы балалар Солтанов Райхат, Асылбашева Камиля, Байтулла Батанұлы, Сулейменов Масалим сияқты жас таланттардың, сол сияқты 16-18 жас аралығындағы оқушылар Еркінбек Ақтоты, Аменова Алима, Бектұр Абдулхаким, Хасти Абдоләзиз сынды жеткіншектердің еңбектерін ерекше атап өткіміз келеді, - дейді қазылар алқасының мүшесі Айнұр Амангелдіқызы. 

Сараптама комиссиясының шешімі бойынша байқауға қатысқан 13-15 жас аралығындағы балалардың еңбектері бөлек, 16-18 жас аралығын қамтитын жеткіншектердің еңбектері бөлек бағаланып, төмендегідей орындар белгіленді:
І жас тобы 13-15 жас аралығы бойынша:
1-орын. Солтанов Райхат (Ресей)
2-орын. Асылбашева Камиля (Швеция)
3-орын. Байтулла Батанұлы
4-орын. Сулейменов Масалим
ІІ жас тобы 16-18 жас аралығы бойынша:
1-орын. Еркінбек Ақтоты (Моңғолия)
2-орын. Хасти Абдоләзиз (Иран)
3-орын. Аменова Алима
4-орын. Бектұр Абдулхаким
Байқау шарты бойынша 4 үздік жұмыс авторлары атамекені Қазақстан Республикасына келіп қайтуға жолдама жеңіп алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы