Ұлы Дала даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

20-23 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылының Мәнгілік ел даңғылынан Ә.Бөкейхан көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді.

Осыған байланысты, 20-23 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етіледі.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы