Ұлттық жүйеге тұрақтты даму мақсаттарын кіріктіру қажет – Мусина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  ФАО агроөнеркәсіптік саясаты жөніндегі аға сарапшысы Лилия Мусина азық-түлік қауіпсіздігіне арналған семинарында айтты.

Біз бұл жиында өзіміз өткізген зерттеу нәтижелерін талқылаймыз. Ол бойынша ұлттық жүйеге тұрақты даму мақсаттарын кіріктіруге арналған еді. Тұрақты даму мақсаттарын азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығы саласында дамытуда семинардың маңызы ерекше. Біздің зерттеуде индикаторлардың жартысынан көбі ұлттық жүйеге кіріктірілмеген. Бұл - үлкен мәселе. Себебі тұрақты даму мақсаттарын күн тәртібіне енгізу бойынша шешім қабылданды,- деді ол.

Мусина айтқандай, тұрақты даму идеологиясы мемлекеттік органдардың стратегиялық басымдығына айналмады.

Азық-түлік қауіпсіздігі қазір өте маңызды болып отыр. Тұрақты даму мақсаттарының индикаторы бойынша экономикалық,экологиялық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтиды. Бұл тараптың біреуін ғана дамыта алмаймыз. Осы үш бағытты бірдей алып жүргенде ғана біз тұрақты дамуға жете аламыз,- деді Лилия Мусина.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы