Бүгiн 2026, 08:54
Фото: BAQ.KZ архиві
Ұлттық жоба: Қай қалалардағы ЖЭО жаңғыртылады?
Жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт қосымша электр қуаты енгізіледі.
Қазақстанда көмір генерациясын дамытуға бағытталған жаңа ұлттық жоба аясында 11 электр станциясын жаңғырту және кеңейту жоспарланып отыр. Бұл бағыт Энергетика министрлігінің басым міндеттерінің бірі саналады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоба аясында жүзеге асырылатын негізгі нысандар:
- Ақсу ГРЭС-інің №7 энергоблогын жаңғырту (325 МВт);
- Екібастұз ГРЭС-2-де №3 және №4 энергоблоктарды салу (1100 МВт);
- Қарағанды, Өскемен және Шахтинск ЖЭО-ларын кеңейту;
- Топар ГРЭС-ін жаңғырту;
- Балқаш пен Жезқазған ЖЭО-ларында турбоагрегат енгізу;
- Согра және Степногорск ЖЭО-ларын жаңғырту;
- «Qarmet» АҚ-ның ЖЭО-2-сін кеңейту.
Жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 2,5 ГВт қосымша электр қуаты енгізіледі. Бұл электр станцияларының тиімділігін арттырып, олардың қауіпсіз пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.