Ұлттық жоба аясында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Батыс Қазақстан облысының Барбастау ауылында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде салынған жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ФАП толық жабдықталған, санитариялық автокөлік пен қажетті медициналық жабдықтар сатып алынды.
Батыс Қазақстан облысында барлығы 50 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісінің құрылысы жоспарланған, бүгінгі таңда жоспарланған 24 медициналық объектінің 12-сінің құрылысы басталды.
Ұлттық жобаның шеңберінде республика бойынша 2023-2024 жылдардың ішінде 655 медициналық объектіні салу жоспарланғанын, аудандық ауруханаларды көп бейінді медициналық мекемелердің деңгейіне дейін жаңғырту, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі және ауыл тұрғындарын скринингпен қамтуды ұлғайту, медициналық ұйымдар базасында елді мекендерде дәріхана пункттерін құру, кадр мәселелерін шешу және ауылда медициналық көмекті дамытудың басқа да бірқатар бағыттары көзделгенін естеріңізге сала кетейік.