Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосқан дұрыс – Тоқаев

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент мемлекеттік органдарда жинақталған ұшы-қиырсыз деректер қорына қолжетімділік шектеулі болуына байланысты оның әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отырғанын айтты. Тоқаевтың айтуынша, бұл жерде ақпараттың «ашықтық презумпциясын» басшылыққа алу керек.

Smart Data Ukimet арқылы анонимді деректерге еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Мен бұл жерде барлық ақпараттың анонимді болғаны әрі сенімді қорғалғаны жөн екенін айтып отырмын. Жеке деректердің таралып кетуіне қатысты барлық қауіпті жою керек. Сонымен қатар келесі жылы Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосқан дұрыс. Бұл бастама мемлекет пен ірі бизнес деректерін біріктіріп, олардың өзектілігі мен қолжетімдігін қамтамасыз етуге тиіс, – деді президент Астанада өтіп жатқан Digital Bridge форумында.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Digital Bridge форумына қатысты. Жасанды интеллект адамның тұрмысын басқа арнаға бұратынын айтқан еді. Сондай-ақ ол ЖИ дамуы үшін IT-инфрақұрылым сай болу керегін, оны нормативтік тұрғыда реттеп қажет екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы