Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығы құрылады - министр

Алматының «Достық үйінде» Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың ғылыми қоғамдастық және ҮЕҰ өкілдерімен арнайы және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша кездесуі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кездесу барысында инклюзивті білім беру мәселелеріне Үкімет пен министрлік тарапынан аса көңіл бөлінетінін айтты.

Қазір министрлікте алғаш рет Арнайы және инклюзивті білім беру департаменті құрылды. Бұрын ол Орта білім беру комитетінің құрамында болды. Біз бұл бағытқа мемлекеттің аса көңіл бөлу керектігін түсінеміз. Сондықтан осындай департаменттің құрылуы қажет болды. Кей мәселелерді ауқымды қарастыра бастауымызға екі министрліктің бөлуі де әсер етті, - деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар ол министрліктің инклюзивті білім беру бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

Осы бағытта өзге де жобаларымыз бар. Мысалы Ұлттық үздіксіз инклюзивті білім беру орталығын құру, Инклюзия мен арнайы білім беру орталығын екіге бөлу жоспарда бар. Арнайы білім беруді жеке дамыту керек - деді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы