Ұлттық үрейден әлі арылған жоқпыз – ғалым

«Ұлттық идеология және ...» жобасы үшінші маусымын алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлымен сұхбаттан бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ғалым әлі мектеп оқулықтарына енбеген Алаш заманы жөніндегі тың деректермен бөлісті. Алаш қайраткерлері Алаш автономиясы құрамында басқа ұлт өкілдері 40-45 пайыз болғанына қарамастан қазақ тілін мемлекеттік тіл етіп бекітуінің себебін, Үкіметтің атауы неге Қазақ үкіметі емес, Алашорда деп аталғанын, Алаш қайраткерлерінде қазіргі қайраткерлерде жоқ қандай мінез болғанын, халықты соншалықты ұйытқан Алаш идеясы қандай идея екенін айтып берді.  

Спикер сондай-ақ қазақтың рухын басып, жігерін құм еткен, болмысын ұмыттырып, ұрпақтар сабақтастығын үзген, сол кезде 7 миллионнан асқан қазақты 2 миллионнан кем қалдырған ашаршылық пен оның салдарынан арылу мәселесіне де тоқталды. 

Сұлтан Хан Аққұлы сұхбатта бүгінгі жерімізді сақтап қалған тұлғаны да, есімі еленбей жүрген алаштықтарды да атады. Сонымен қатар, тұңғыш президенттің үлкен қателігін айтты.

Алаштанушы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жазылғалы жатқан тарихи кітаптардың кеңестік көзқараспен жазылатынын айтып, олай деуінің себебін түсіндірді. Қазақ халқын айнаға қарап өзінің тарихын, өзін танымай, өз бейнесіне үрген итке теңеп, талай тарихи шындықтың басын ашты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ Шыңғыс Қасымхан
Видео: Нұрасыл ЕРЖАНОВ
Өзгелердің жаңалығы