Ұлттық ұланның жауынгерлері бір тәулікте нашақор мен екі ұрыны ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Ұлттық ұланның жауынгерлері бір тәулік ішінде есірткі ұстаған ер адамды және ұрлық жасаған екі құқық бұзушыны ұстады. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.

5451 әскери бөлімінің әскери жасағының бастығы аға сержант Бертай Зинадинов жасақ сақшыларымен бірге Әлиханов көшесінде патрульдік  қызметін атқару барысында күдікті   жігітті байқады.

Ер адамның бұл әрекеті тәртіп сақшысының күдігін тудырды. Әскери жасақ сарбаздары  күдікті адамға қарай  бет бұрды.Сол сәтте  жасақ бастығы аға сержант Б.Зинадинов құжаттарды тексеру үшін оны тоқтату туралы шешім қабылдады.

Ұсталған адамның курткасының оң қалтасында куәгерлердің қатысуымен есірткі заты (марихуана) болып табылатын белгілі бір иісі бар жасыл зат бар пакет табылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. Ер адам одан әрі тексеру үшін Қарағанды қаласының Орталық полиция бөліміне жеткізілді.

Қаланың оңтүстік-шығыс ауданындағы басқа бөлігінде әскери жасақ іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық үшін іздеуде жүрген 1984 жылы туған әйелді ұстады және полицияның Оңтүстік-Шығыс бөліміне жеткізді.

Әйел адам  жәбірленушінің пәтерінен алтын әшекейлер мен 180 мың теңгеге жуық ақша қаражатын ұрлап кеткен. Ал жалпы шығын 1,7 млн теңгеден асты.

Сондай-ақ бұл күні патрульдік-күзет қызметі кезінде Ұландықтар "Ұрлық" деген 118-баптың 3-бөлігі бойынша жасалған қылмыс күдігі бойынша бағдар бойынша өтіп бара жатқан ер адамды тоқтатты. Күдікті ұсталып, әрі қарай тексеру үшін Қарағанды қаласының Киров полиция бөліміне жеткізілді.

Қызмет өткеру кезінде көрсеткен қырағылығы мен жоғары кәсібилігі үшін барлық әскери қызметшілер 5451 әскери бөлімі командирінің  тарапынан мадақталды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы