Ұлттық ұланның әскери қызметшісі – Азия чемпионы
Ұлттық ұланның Астанадағы 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Ержан Еренқайыпов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде дзюдодан ашық Азия кубогінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
28-29 сәуір аралығында Кувейт астанасы – Эль-Кувейтте өткен жарысқа әлемнің 27 елінен 150-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 8 салмақ дәрежесінде 15 спортшы сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте Оңтүстік Корея құрамасынан кейін екінші орынға ие болды.
Қазақстандық спортшылардың қоржынында 7 медаль бар: 2 алтын, 2 күміс және 3 қола.
Әлемдік аренада біздің құраманың атынан алтын медаль жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Финалда мен түрікмен дзюдошысы Довран Язкылычовпен кездестім. Бұл керемет жекпе-жек болды. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақановқа осы жарысқа қатысуға мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ өз жаттықтырушыларыма алғысымды білдіремін, – деді ефрейтор Ержан Еренқайыпов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы