Ұлттық ұлан жауынгерлері ұрыны ұстап, жоғалған телефондарды тапты

ҰҚШҰ ұйымының саммиті кезінде Ұлттық ұлан жауынгерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің мәліметінше, саммит кезінде Астана қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өңірлерден қосымша күш жұмылдырылды. Олар күн сайын қала көшелеріндегі қауіпсіздікті бақылайды.

5516 әскери бөлімі құрама батальонының сарбаздары елорданың Байқоңыр ауданында қызмет атқара жүріп, бір күнде ұрлық жасаған күдікті адамды қолға түсіріп, жоғалған екі телефонды иелеріне қайтарған. Бірінші оқиға сағат 19:35 шамасында болды. Қала көшелерінің тыныштығын сақтау үшін қызметке шыққан сержант Б. Ергешбаев пен патрульшілер қатардағы Т. Смагулов және И.Иванов байланыс құралдары арқылы ұрлық жасаған күдікті жайында анықтама алған, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, сағат 19:24 шамасында Иманбаева көшесінде орналасқан "Магнум" дүкенінен қара түсті сырт киім мен қызыл тақия киген, қолында сұр сөмкесі бар адам зат ұрлаған. Хабарламада ұрлық жасаған адамның Республика көшесіне бет алғаны баяндалған. Ақпаратқа қаныққан қырағы әскери қызметшілер көптің арасынан күдікті азаматты байқап қалған. Әскерилерді көрген күдікті қашпақ болған, дегенмен ол қолға түсті.

Кезекті оқиғалар да дәл осы күні болған. Әскери жасақ тобының бастығы лейтенант К. Чадов пен патрульшілер ефрейтор К. Кузьмич және Т. Турсынбаев қала көшелерінің бірінен Samsung A 51 маркалы ұялы телефонын тауып алған. Бұл туралы ұландықтар әскери жасақ бойынша кезекшіге рация арқылы хабарлап, иесін іздестіре бастаған. Көп ұзамай құрылғының иесі анықталып, оған телефон қайтарылды.

Сонымен қатар, Байқоныр ауданына қызметке атқарып жүрген 5516 әскери бөлімінің жасақ бастығы кіші сержант Е. Жамалбек пен патрульшілер қатардағы А. Гаврилятов және қатардағы Э. Фахрутдинов шамамен сағат 20:20-да С.Сейфулин көшесіндегі үйдің жанында iPhone 13 Pro ұялы телефонын тауып алған. Бұл жайлы әскери жасақ бастығы патруль бойынша топ бастығына баяндап, телефонды иесіне табыстады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы