Ұлттық ұлан жауынгерлері бір тәулікте үш есірткі таратушыны ұстады
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері қызмет барысында есірткі жасырушыларды қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының жауынгерлері қызмет барысында есірткі жасырушыларды қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрықтаудың алғашқы оқиғасы 18 қазанда сағат 19:50 шамасында болды. Есіл ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалау кезінде әскери жасақ ағаштың түбінде бір затты жасырып жатқан азаматты байқады. Жасақ бастығы Сайыскелді Сайлауұлы және қатардағы жауынгерлер Темірлан Ағанкелдиев пен Еламан Әбүйір дереу мін-жайды анықтауға кірісті.
Күдіктінің ағаш арасына белгісіз заттары бар бумалар жасырғаны анықталды. Біз оны ұстаған соң, сол аумаққа қосымша тексеру жүргіздік, – дейді әскери жасақ бастығы.
Ұсталған ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді. Тергеу жедел тобы күдіктінің жеке заттарын тінту кезінде өзіне тән иісі бар зат салынған 64 буманы тәркіледі.
Екінші оқиға Есіл ауданы көшелерінің бірінде болды. Әскери жасақ бастығы Еркебұлан Парымбеков және патрульші жауынгерлер Бекнұр Аяшев пен Құрбанәлі Наурызбай марихуанасы бар байлам тауып, іс кесу нәтижесінде тағы екі есірткі курьерін ұстады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды.
- Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты (ВИДЕО) 11:12
- Алматы мен Алматы облысының тауларында үш адам құтқарылды 10:49
- Көкшетауда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы төбелес: полиция істің мән-жайын жариялады 10:19
- Түркияның Мугла провинциясында жол апатынан кейін көлік өртеніп, екі адам қаза тапты 09:52
- Доллар, еуро, рубль: 15 қарашада Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы 09:17
- Теннис: Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы ITF турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті 08:53
- Қазақстанда көбелектің жаңа түрі анықталып, оған академик Манаш Қозыбаевтың есімі берілді 08:35