Ұлттық ұлан жауынгерлері 90-нан астам «Трамадол» таблеткасын алып өтудің алдын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласындағы түзеу мекемесінде 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшілері колония қызметкерлерімен бірге 90-нан астам "Трамадол"таблеткасын алып өтпекші болған азаматтың әрекетіне тосқауыл қойды,деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
ҚАЖ-6 тексеру (қабылдап алу-беру) бөлмесінде сотталған адамға арналған сәлемдемені тексеру кезінде атқыштар ротасының әскери қызметшілері мен колония қызметкерлері скотчпен оралған шай қорабын тапты.
Ішінде "Stаtе Line" маркалы темекіге 96 дана ақ түсті таблеткалар жасырын түрде салынғаны анықталды.
Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шақырылады. Тыйым салынған заттар тәркіленіп, әрі қарай тергеу үшін режим бөліміне тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы