26 Тамыз 2026, 08:53
Фото: ҚР Ұлттық Ұланы
Ұлттық ұлан Түркияда білім алған алты жас офицермен толықты
Осы уақытқа дейін Түркияның әскери оқу орындарын Ұлттық ұланның 56 офицері тәмамдаған.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының офицерлер құрамы Түркияның Жандармерия және жағалау күзеті академиясын тәмамдаған алты жас маманмен толықты. Олар елордадағы 5573 әскери бөліміне қызметке тағайындалды.
Түлектер арасында академияны үздік аяқтаған аға лейтенант Аслан Князбаев бар. Оған үздік дипломды Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған табыстады.
Жас офицерлер тағылымдамадан кейін взвод командирлері қызметіне кірісіп, Астана тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау міндеттерін атқарады.
Қазақстандық ұландықтар Түркияның әскери оқу орындарында екіжақты ынтымақтастық аясында білім алады. Осы уақытқа дейін Түркияның әскери оқу орындарын Ұлттық ұланның 56 офицері тәмамдаған.