Ұлттық ұлан сақшылары іздеуде жүрген 70 жастағы зейнеткерді тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде тәртіп сақшылары есте сақтау қабілеті нашарлаған 70 жастағы қарт әйелді отбасымен қауыштыруға көмектесті.
Оқиға 27 шілдеде, сағат 17:42 шамасында болған, полиция кезекші бөлімшесіне сағат тілі 15:00 шамасында үйден шығып, қайтып оралмаған із-түзсіз жоғалған зейнеткер туралы хабарлама түскен.
Отбасы мүшелері оны өз бетімен таба алмаған. Ақпарат барлық патрульдерге жеткізіліп, аз уақыттан кейін қарт әйел Ұлттық ұлан экипажының көзіне түсті.
Сонымен, кешкі сағат 19:40 шамасында патрульдеу кезінде құрамында әскери жасақ бойынша кезекші аға лейтенант Әсет Кәкімов пен патрульшілер Руслан Салмағанбет пен Ділмұхамед Нұрмахамет полиция қызметкерлерімен бірге Сәтбаев көшесінің бойында іздеуде жүрген біреуі сырт келбетіне ұқсас әйелді байқайды.
Одан әрі тәртіп сақшылары есте сақтау қабілетінен зардап шеккен зейнеткерді туыстарына қайтарды.
Жауынгерлік қызметті орындаудағы қырағылығы мен жоғары кәсібилігі үшін әскери жасақ 6655 әскери бөлімі командирінің тарапынан мадақталды.