Ұлттық ұлан қызметкерлері атыраулықтарға бөгеттерді нығайтуға атсалысты
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Батыс өңірлік қолбасшылығына қарасты Атырау қаласында орналасқан 5546 әскери бөлімінің қызметкерлері Құлсары қаласында орын алған су тасқыны жағдайында ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп бөгеттерді нығайту жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
№5546 әскери бөлімінің қызметкерлері 1600 топырақ қап төседі. Құрсай өзегі бойында 400 м бөгеттерді нығайту жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ әскери бөлім қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялау, олардың төрт түлік малдарын қауіпсіз жерге көшіруге көмек көрсетуде, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар гуманитарлық көмектерді тиеу, түсіру жұмыстарын сенімді әрі шұғыл жүргізіп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Петропавлға Қарағанды мен Павлодардан ТЖД топтары барды
Өзгелердің жаңалығы